ОСК «Ақ жол» партиясының кандидаттарын тіркеді

4 Желтоқсан 2020, 15:56
1961
Бөлісу:
ОСК «Ақ жол» партиясының кандидаттарын тіркеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОСК-ның отырысында «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді.

2020 жылғы 27 қарашада ҚР ОСК «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды тапсырды. «Ақ жол» партиясының тізімі 2020 жылдың 20 қарашасында саяси партияның кезектен тыс VI съезінде ұсынылды. Партиялық тізімде 38 адам бар. Оның 14-і 29 жасқа толмаған әйелдер. Бұл тізімге енгізілгендердің 36,8%-ын құрайды, - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов. 

Оның айтуынша, ОСК уәкілетті органдармен бірлесіп, партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Конституция мен сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Тізімге енгізілген барлық адам заңның талаптарына сәйкес келеді.

Өздеріңіз білетіндей, Парламент Мәжілісі депутаттарының бұған дейінгі сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7 не одан да көп процентін алған партиялар сайлау жарнасын төлемейді. «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2016 жылы өткен сайлауда 7,18% дауыс жинағандықтан сайлау жарнасын төлеуден босатылады, - деп атап өтті ол. 

 

ОСК мүшелері 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы жобасын қабылдап, «Ақ жол» партиясының тізімін тіркеді.

Айта кетейік, партия тізімінде Азат Перуашев, Иса Қазбек, Дания Еспаева, Мақсат Раманқұлов, Ғани Хамзин, Марал Елубаева және т.б. бар.
 

Өзгелердің жаңалығы