Орталық Азия бабаларымыздың жері – Ердоған

3 Қараша 2023, 13:13
559
Бөлісу:
Орталық Азия бабаларымыздың жері – Ердоған
Фото: Ақорда

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беруіміз үшін түркі әлемі бірге болуы керек. Қазір осы шындықты көріп отырмыз және көптеген елде соғыс болып жатыр. Әзербайжанда болған отандық соғыс аяқталғаннан кейін 30 жыл бойы оккупациялаған Қарабақ аумағын өзіне қайтарып алды. Бұл Әзербайжанның үлкен жетістігі деп айтуға болады, - деді Түркия президенті.

Ердоғанның айтуынша, Түркі мемлекеттері өңірі қазір бейбітшілікке қарай бір қадам алға жылжыды. Ердоған атағандай, бұл өңір үшін жаңа мүмкіндіктер терезесі.

Армения үшін қазір Әзербайжанға қатысты өзінің міндеттерін орындау өте маңызды. Тағы бір маңызды дүние – көлік дәлізі. Әзербайжанның батысы мен Нахчеванды қосу керек. Осы көлік жолының ашылуы барлық елдің дамуына үлес қосады. Және Түркияны Орталық Азиямен қосады. Орталық Азия біздің бабаларымыздың жері. Бұл процестер сәтті аяқталуы үшін түркі әлем осы жұмысты әрі қарай жалғастыруы керек, - деді Ердоған саммитте сөйлеген сөзінде.

Еске сала кетейік, шара барысында Ердоған Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы