Костенко шахтасындағы апат: Ердоған көңіл айтты

3 Қараша 2023, 13:04
433
Бөлісу:
Костенко шахтасындағы апат: Ердоған көңіл айтты
Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Костенко атындағы шахтада болған апат құрбандарының отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысында шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына өзімді көңілімді білдіргім келеді, - деді Режеп Тайып Ердоған.

Айта кетсек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Бұған дейін Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының мақсатын атады.

Өзгелердің жаңалығы