Өрт сөндірушілерді журналға күштеп жаздырып жатқаны рас па? – Министр жауабы

15 Желтоқсан 2022, 11:31
1162
Бөлісу:
Өрт сөндірушілерді журналға күштеп жаздырып жатқаны рас па? – Министр жауабы

Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерде өрт сөндірушілерді салалық журналға, атап айтқанда, «Пожарный и спасатель» деген журналға міндеттейді екен. Тіпті 5 желтоқсанға дейін жазылуларың керек деген талап қойылған деседі. Онсыз да (өрт сөндірушілер – ред.) ақшамыз жетпейді, несиеге белшеден батып отырмыз деп ренжулі. Мұның артында біреудің қызығушылығы жатқан жоқ па? Бұған не дейсіз?» деп сұрады тілші.

Ал сіз өзіңіз жазылғансыз ба? Біздің журналға жазылу ерікті түрде жүргізіледі. Қызметкерлерді министрлік басылымға күштеп жаздырмайды. Егер қызметкер қаламаса, жазылудан бас тарта алады. Қазір біз журналымызға жазылулары үшін заңды тұлғаларды қамту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл халықты мерзімді басылым арқылы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету практикасы, - деп түсіндірді министр Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар еліміз қандай жағдайда Түркіменстанға көмек көрсететіні қамтылған заңды қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы