Еліміз қандай жағдайда Түркіменстанға көмек көрсететіні белгілі болды

15 Желтоқсан 2022, 11:02
1099
Бөлісу:
Еліміз қандай жағдайда Түркіменстанға көмек көрсететіні белгілі болды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Белгілі болғандай, аталған келісімге 2021 жылғы 25 қазанда Ашхабадта қол қойылған. 

Келісімнің мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Түркіменстанның азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығы үшін құқықтық база құру. Тараптардың біреуінің күштерімен және құралдарымен жойылмайтын төтенше жағдайлардың пайда болуын назарға ала отырып, тараптардың біреуінің аумағында төтенше жағдайлар пайда болған кезде бірлескен іс-қимылдардың арқасында осы келісімді іске асыруға мүмкіндік болады, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. 

Аталған келісім бірнеше мүмкіндік ұсынады. Соның ішінде: 

1) Тараптардың құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;

2) Төтенше жағдайларды болжау, халықты қауіп төнген және туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындау саласында тәжірибе алмасуға; 

3) Тараптар мемлекеттерінің оқу орындарында азаматтық қорғау саласында мамандар даярлауды жүзеге асыруға; 

4) төтенше жағдайлардың алдын алу, туындауы және оларды жою туралы ақпарат алмасуға; 

5) Тараптардың аумағында төтенше жағдайларды жою кезінде сұрау салу бойынша көмек көрсетуге; 

6) мемлекеттік шекараны авариялық - құтқару құралымдарымен кесіп өтуге және тараптардың аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда күштер мен құралдарды әкелуге жол ашады. 

Заң жобасы теріс салдарға әкеп соқпайды және қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, ал оны қабылдау табиғи апаттар тәуекелдерін азайтуға және тараптар аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарын азайтуға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алатын заң қабылданғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы