Өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды эвакуациялады

20 Наурыз 2024, 16:09
317
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Павлодардың өрт сөндірушілері өрттен 6 адамды эвакуациялап, құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 14-15-те Павлодарда 1-қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Жедел құтқару жасағы 1-ші қабаттағы терезенің металл торларын бұзып, сол жерден 2 ересек адамды құтқарды, 3 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. 8 адам өз бетінше эвакуацияланды. Орнатылған автосаты бойынша 5-қабаттан 1 қыз құтқарылды.

Өрт 14-39-да сөндірілді, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жеке құрамның 25 адамы және 9 техникасы, сондай-ақ ЖҚЖ және АМО қызметкерлері жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы