Өрт кезінде жоғалып кеткен орманшы табылды

13 Маусым 2023, 15:23
4267
Бөлісу:
Өрт кезінде жоғалып кеткен орманшы табылды
Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен Сергей Архиповтың денесі табылды, деп жазады BAQ.KZ.

Абай облысындағы өртті өшіру үшін Архипов бірнеше күн бұрын трактормен шығып, хабарсыз кеткен еді.

Бұған дейін азаматтың өрт аймағынан Сергей Архиповтың тракторы табылған болатын.

Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ мәйітін тапқан.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды., - делінген полиция таратқан хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы