Абай облысында өрт кезінде жоғалған орманшының тракторы табылды

13 Маусым 2023, 08:25
834
Бөлісу:
Абай облысында өрт кезінде жоғалған орманшының тракторы табылды
Фото: Абай облысының полиция департаменті

Абай облысындағы өрт аймағынан бұған дейін жоғалып кеткен 15-орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстақ полиция департаментіне сілтеме жасап.

2 тәуліктен астам уақыт бойы полицейлер 1987 жылы туған, Бесқарағай ауданының Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол соңғы рет 10 маусымда байланысқа шығып, өртті сөндіруге көмектесіп жатқанын айтқан, - делінген Абай облыстық ПД хабарламасында.

ПД хабарлағандай, 12 маусымда Дмитриевка ауылынан Бородулиха ауданының ауыл станциясына қарай бес шақырым жерде, тасжолдан 1 км қашықтықта трактор ақаусыз күйде табылған.

С. Н.Архиповтың тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр, — деп атап өтті ведомствода.

Өзгелердің жаңалығы