Ормуз бұғазы арқылы кемелер жасырын өте бастады

Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісіп, Иран жаңа шектеу енгізген болатын.

 ©️ BAQ.KZ коллажы 13 Шілде 2026, 13:12
13 Шілде 2026, 13:12
159
Фото: ©️ BAQ.KZ коллажы

АҚШ пен Иран арасындағы сауда және геосаяси шиеленістің күшеюі аясында Ормұз бұғазы арқылы транспондерлерін (кеме туралы ақпарат беретін құрылғы) өшіріп өтетін кемелер саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bloomberg агенттіктерінің мәліметінше, жексенбі күні бұғаздан өткен алты жүк кемесінің барлығы автоматты сәйкестендіру жүйесін (AIS) өшіріп, байланыссыз қозғалған. Соның салдарынан кемелердің қозғалысын ашық деректер арқылы бақылау іс жүзінде мүмкін болмай қалған.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай "қараңғы өткелдер" теңіздегі қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықты күшейтеді. Өйткені транспондерлердің сөндірілуі кемелердің нақты орналасқан жерін анықтауды қиындатып, халықаралық теңіз тасымалының ашықтығына әсер етеді.

Еске салайық, Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісіп, Иран жаңа шектеу енгізген болатын. Иран Ислам революсы сақшылар корпусының (КСИР) әскери-теңіз күштері кеме теңіз қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен тоқтатылғанын хабарлады. Сондай-ақ бірнеше кеме ескертуге қарамастан рұқсат етілмеген бағытпен жүруге әрекеттенгені айтылды.

Наверх