Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana Дубайға рейстерді тоқтатты

Әуе компаниясы өңірдегі қауіпсіздік ахуалының күрделенуіне байланысты бірнеше рейстің орындалмайтынын хабарлады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 12 Шілде 2026, 13:19
12 Шілде 2026, 13:19
197
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Дубай бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгеріс енгізді.

12 шілде күні сағат 07:10-да Астанадан Дубайға ұшып шыққан KC205 рейсі кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайға қайтып келеді. Ал сол күні сағат 08:50-ге жоспарланған Алматы – Дубай бағытындағы KC897 рейсі тоқтатылды.

Жолаушыларға билетті сатып алған жері арқылы оның толық құны қайтарылады. Рейстер кестесіне енгізілетін кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз, – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Air Astana өкілдері өңірдегі жағдайды тұрақты бақылап отырғанын және жолаушыларды елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыру ұсынылды. Себебі ұшу және қону уақыттарына қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Наверх