Алматыдағы түнгі рейд: кальян шеккен 55 адам жауапқа тартылды

Полицейлер ойын-сауық орындарын тексеру барысында қоғамдық орындарда кальян пайдаланудың ондаған дерегін анықтады.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов 12 Шілде 2026, 18:16
12 Шілде 2026, 18:16
189
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Алматының Бостандық ауданында полицейлер ойын-сауық орындарында профилактикалық рейд өткізіп, заң талаптарының сақталуын және қоғамдық тәртіпті тексерді.

Бір түннің ішінде қоғамдық орындарда заңмен тыйым салынған кальян шеккен 55 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық полиция департаментінің 2026 жылғы 12 шілдедегі мәліметінше, заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян құрылғысы тәркіленді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх