Орман өрті: Экология министрлігі қанша жануар қырылғанын мәлім етті

13 Маусым 2023, 19:19
1729
Бөлісу:
Орман өрті: Экология министрлігі қанша жануар қырылғанын мәлім етті
Фото: ҚР Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Семейдегі орман өрті салдарынан табиғатқа келтірілген залал туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Абай облысындағы өрт салдарынан жабайы жануарлардың қырылуы туралы нақты ақпарат жоқ. Табиғаттың биоалуантүрлілігіне келтірілген залалды бағалау жұмыстары өрт толығымен сөндірілген кезде ғана жүргізіледі. Жалпы орман популяциясының жағдайы туралы мәлімет өртке қарсы шаралар аяқталғаннан кейін, орман өртінің салдарына тиісті бағалау жұмыстары жүргізілген соң берілетін болады, - деп түсіндірді министрлік.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев соңғы күндері өрт көлемі айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы