Ұранхаев: Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды

13 Маусым 2023, 18:06
731
Бөлісу:
Ұранхаев: Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи өртті сөндірудің және жоюдың барлық қатысушыларының күш-жігерінің арқасында тұтастай алғанда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 бірлік техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар. 

Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай қысқарғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат Тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды. Табиғи өртті жою орнында Төтенше жағдайлар министрінің байланыс торабы және жылжымалы басқару пункті ұйымдастырылды. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

Өзгелердің жаңалығы