Оразалин Ақтөбе облысында мал саны едәуір артқанын айтты

22 Маусым 2021, 12:42
2755
Бөлісу:
Оразалин Ақтөбе облысында мал саны едәуір артқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Облыс «жасыл аймақта» орналасқан. Пандемия басталғалы бері коронавирустың 11600 жағдайы тіркеліп, 1100 науқас емделіп шықты. Жыл басынан бері 160 өлім тіркелді. Халықты вакцинациялау өте өзекті болып отыр. Ақпан айынан бастап облыста 265 мыңнан астам адам вакцина алды. Бүгінде алғашқы компонентті 110 мың, екінші компонентті 65 мың адам алды, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, осындай қиың кезеңде инвестиция тарту өңір дамуына серпін берді.

5 ай ішінде өңірге 256 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін 126 млрд теңгенің 31 инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдау бойынша 26 млрд теңге субсидия бөлінді, - деді ол.

Ол мал саны бойынша 96 жылғы көрсеткіштен асып түскенін айтты.

Ол кездермен салыстырмалы түрде ірі қара малы 8 пайызға артып, 633 мыңды құраса, жылқы саны екі сеге артты, - деді Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы