Оралов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілерге қатысты пікір білдірді

19 Сәуір 2023, 15:20
1833
Бөлісу:
Оралов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілерге қатысты пікір білдірді
Фото: "Барыс" хоккей клубы

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан үш хоккейшіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда мәселені реттеп жатырмыз, бізге сұраныстар түсті. Қазір біздің профильдік комитет пен Қазақстан хоккей федерациясы реттеп жатыр. Біз бұған бірден ресми түрде жауап береміз. Әрине, өкінішті. Бізді тек алаңдатып отырған тек хоккей емес, басқа да спорт түрі бар. Алайда, біз бірінші кезекте отандық спортшылардың ұлттық құрама үшін бақ сынауына мүдделіміз, - деді министр журналистерге берген жауабында.

Еске сала кетейік, Ұлттық хоккей құрамасында болған Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюковтің Ресей пайдасы жолында Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын және ұлттық құрамадан шығатынын жазған еді. Петухов «Барыс» құрамасымен қош айтысады. Маклюков болса, Магнитогорскідегі «Металлургке» ауысады. Сагадеев «Сочиде» мансабын жалғастырмақ.

Өзгелердің жаңалығы