Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші тіл тартпай кетті

5 Ақпан 2023, 14:49
11293
Бөлісу:
Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші тіл тартпай кетті
Фото: nabat.news

Оралда жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 
5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан. 

2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді. 

Аталған фактіге қатысты ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы