Оралда тұрғындар жарықсыз қалды

17 Шілде 2023, 16:03
855
Бөлісу:
Оралда тұрғындар жарықсыз қалды

Оралда екі күн қатарынан күшті жел тұрып, нөсер жауып, 5 мыңдай абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Электр желілеріндегі апатты жойып, қалпына келтіру үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Жарық болмаған соң ауызсу да уақытылы берілмей жатыр.

Толассыз жаңбыр салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен облыстық балалар ауруханасы, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының жертөлелеріне су толды. Жеке тұрғын үйлердің ауласына су кірген. 

Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, арнайы мамандар жұмысқа кірісті. Қала көшелерін су басып, көлік қозғалысына қолайсыздық тудырды.

Өзгелердің жаңалығы