Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Жұмысшылардың өліміне құдық ішінде газдан улану себеп болуы мүмкін.

8 Қазан 2026, 14:12
АВТОР
 pixabay.com 8 Қазан 2026, 14:12
8 Қазан 2026, 14:12
182
Фото: pixabay.com

Шымкентте құбыр төсеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмысшылардың өліміне құдық ішінде газдан улану себеп болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталуда», – деп хабарлады полициядан.

Тергеудің басқа мәліметтері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-статьясына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы жүк тиегіш көлікке тапталып, қаза тапқаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды

Астанада құрылыста кран құлап, жұмысшы қаза тапты

 

Наверх