Астанада әйел көшеде қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем бригадасы шақыртудан кейін оқиға орнына 18 минут өткен соң келді деген ақпарат тарады. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Куәгерлердің айтуынша, өтіп бара жатқан адамдар әйелге өз бетінше көмектесуге тырысқан. Олар жасанды тыныс алдырып, жүрекке тікелей емес массаж жасаған. Куәгерлер жедел жәрдем дәрігерлерінің шамамен 18 минуттан кейін келгенін алға тартты.
Алайда денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемді ұзақ күту туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Медициналық жәрдемге шақырту сағат 18:14-те түсті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына сағат 18:19-да жетті. Бригаданы ұзақ күту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады ведомство BAQ.KZ сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ басқарма жедел жәрдем бригадасы келген кезде әйелдің өліп кеткенін хабарлады.
«Медициналық қызметкерлер биологиялық өлімді тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деп нақтылады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жасар бала қайтыс болды
Астанада бес көлік өртенген оқиға: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
ҚМДБ Қаскелең мешітіндегі жасөспірімдерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады