Оралда автобус өртенді

11 Ақпан 2024, 03:45
484
Бөлісу:
Оралда автобус өртенді
Фото: Оралда автобус өртенді

Орал қаласында орталық базар маңында №1 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 ақпан күні сағат 12.59-да Мұхит көшесі бойында болды.

Автобус аялдамасы жанында «ГАЗель» автокөлігі жанды. «Тілсіз жау» сағат 13.10-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 5 адам 1 техникамен жұмыс жасады. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, деп хабарлады ведомстводан.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы