Оқушыларға арналған QazAstroShift 2024 зымыран құрылысы конкурсы өтеді

17 Наурыз 2024, 00:20
846
Бөлісу:
Оқушыларға арналған QazAstroShift 2024 зымыран құрылысы конкурсы өтеді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Оқушыларға арналған ең ірі QazAstroShift 2024 зымыран құрылысы конкурсы жазда Астанада бастау алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

QazAstroShift 2024 – Қазақстандағы ең ірі республикалық зымыран құрылысы турнирі. Оның мақсаты - аэроғарыш инженерлерінің келесі буынын шабыттандыру және Қазақстандағы зымыран ғылымына деген қызығушылықты арттыру.

Өткен жылы жарысқа Қазақстанның 21 өңірінен және таяу шет елдерден 350 оқушы қатысты.

Былтыр KGS платформасында астананың аспанына ең үздік 10 зымыран ғана жете алды, ал ең талантты командалар өздерінің күш-жігері мен ынта-қабілеті үшін марапатталды, - деп жазылған мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы