Оқушыларды ынталандыру үшін алтын, күміс, қола медаль иегерлеріне ақшалай сыйақы тағайындалады – министр

29 Желтоқсан 2021, 18:04
1985
Бөлісу:
Оқушыларды ынталандыру үшін алтын, күміс, қола медаль иегерлеріне  ақшалай сыйақы тағайындалады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жыл қазақстандық оқушылар үшін олжалы болды. 

Биыл шәкірттер әлемдік олимпиадаларда 31 медальдің 26-ын жеңіп алып, соңғы жылдардағы рекордты жаңартты. Білім алушылар ел қоржынына 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль салды, - деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетов. 

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды балаларды қолдау үшін шаралар әзірлеуді тапсырды.

Бұл міндетті іске асыру үшін министрлік заңнамаға түзетулер әзірледі. Қазір заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Түзетулер халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді, сондай-ақ осы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейді. Оқушыларды ынталандыру үшін алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр, - деп жазды министр. 

Өзгелердің жаңалығы