Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

30 Қазан 2022, 09:31
1453
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адам мерт болды, оның 19-ы шетелдік. Осыған байланысты ел президенті Юн Сок Ёль жексенбі күні Ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік тулар түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Юн Итхэвон ауданында тар көшеде адамдар тобының мерекеге келген балаларды таптап кету оқиғасынан соң ел халқына президент ғимаратынан тікелей эфир арқылы хабарласып, мәлімдеме жасады.

Бұл –масқара! Сенбі күнгі қайғылы жағдай ешқашан болмауы керек еді, – деді Юн.

Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға ретінде бұл жағдай маған өте ауыр тиді және маған бұл сезімнен айығу оңай болмай тұр. Үкімет бүгіннен бастап жағдай толық бақылауға алынғанға дейінгі аралықты қаралы күн деп жариялайды және бірінші кезекте қалпына келтіру мен одан кейінгі шаралардың әкімшілік мәселелеріне жіті көңіл бөледі, – деді ел президенті.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек жазылып кетуін тіледі. Ол ел үкіметінің мерт болғандарды жерлеуге дайындық шараларын қолға алып, жедел жәрдем қызметтерін толықтай жарақат алғандарды емдеуге жұмылдыратынын айтты. Сондай-ақ қажет адамдарға мемлекеттік қызметшілер жекелей де көмек көрсетеді.

Қазір, ең бастысы, апаттың себеп-салдарын анықтап, оның қайталануының алды алу. Біз бұл апаттың шығу себебін жан-жақты тексеріп, енді оның екінші қайталанбауы үшін жүйелі өзгерістер енгіземіз, – деді ол.

Президент сондай-ақ Ішкі істер министрі мен өзге де құзырлы органдарға Хэллоуин мерекесін тойлау оқиғаларының барлығын, сондай-ақ өзге де фестивальдардың сәтті өтуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел тексеру жүргізуді тапсыратынын айтты.

Мәлімдемесінен соң президент бірден апат болған жерге барып, артынан үкіметтің жауапты мәжілісіне төрағалық ету үшін Сеулдің орталығындағы үкімет кешеніне кетті.

Ол сондай-ақ барлық үкіметтің мекемелерге туларды түсіру туралы бұйрық берді.

Айта кетейік, осыған дейін Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде 120-дан астам адамның қаза болғанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы