Корея астанасында Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болды

30 Қазан 2022, 00:50
2056
Бөлісу:
Корея астанасында Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болды

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Inform.kz-ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.

Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.

Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.

Өзгелердің жаңалығы