Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр

Елде ауа температурасы рекордтық 42,5°C-қа жетіп, аптаптан адамдар мен мал қырылып, егістіктегі өнім бүлініп жатыр.

 istockphoto.com 14 Тамыз 2026, 10:45
14 Тамыз 2026, 10:45
247
Фото: istockphoto.com

Оңтүстік Корея фермерлері рекордтық аптаптан зардап шегіп жатыр. Азияның басым бөлігін шарпыған қатты ыстықтың салдарынан олар өсірген картоп топырақтың астында-ақ «пісіп» кеткен.

The Guardian таратқан мәліметке сәйкес, Сеулден солтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан Янгу уезіндегі картоп алқабында фермер Ли Сан Хёк жерді қазғанымен, сақтап қалуға жарайтын өнім таппаған.

Бір апта бұрын Канвон провинциясындағы картоп өнімі жақсы болған. Алайда қазір картоп аптап ыстықтан бүлінген. Жоғары температураның әсерінен топырақ «пешке айналған».

2 тамызда елдің оңтүстік-шығысындағы Янсан қаласында ауа температурасы 42,5°C-қа жетті. Бұл – Оңтүстік Кореяда 1904 жылы заманауи метеорологиялық бақылау басталғалы тіркелген ең жоғары температура.

Ауруларды бақылау жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, аптап ыстықтан ел бойынша кемінде 31 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 900 мыңнан астам мал мен 1,4 миллион өсірілетін балық қырылған.

Билік аптап ыстыққа байланысты ескерту жасап, тұрғындарды «ашық ауадағы барлық іс-шараны дереу тоқтатуға» шақырды.

Тағы оқи отырыңыз: Батыс Еуропада тарихтағы ең ыстық маусым тіркелді

Германияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 12,5 мыңға жетті

Наверх