Германияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 12,5 мыңға жетті

Аптап ыстықтан әсіресе егде жастағы адамдар зардап шеккен.

 depositphotos.com 14 Тамыз 2026, 07:51
14 Тамыз 2026, 07:51
177
Фото: depositphotos.com

Германияда биыл аптап ыстыққа байланысты шамамен 12 500 адам қайтыс болды. Бұл туралы Роберт Кох институтының (RKI) 2 тамыздағы есебінде айтылған, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Институт мәліметінше, 2026 жылдың 15–31-апталары аралығында елде ыстықтан болған өлім-жітім саны шамамен 12,5 мыңға жеткен.

Аптап ыстықтан әсіресе егде жастағы адамдар зардап шеккен. Қайтыс болғандардың ішінде 85 жастан асқандар – 6 270, 75–84 жастағылар – 3 110, ал 65–74 жастағылар 1 900 адамды құрады.

RKI сарапшылары өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші 26-аптада тіркелгенін атап өтті. 22–29 маусым аралығында аптап ыстықтан шамамен 9 600 адам қайтыс болған.

Бұл кезеңде Еуропаның бірқатар елдерін аптап ыстық жайлады. Германияда да ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілді. 28 маусымда Бранденбург жеріндегі Кошен ауылында 41,7 градус тіркеліп, жаңа температуралық рекорд орнады.

Салыстыру үшін, RKI-дің 9 шілдеде жариялаған есебінде 2026 жылдың 15–26-апталары аралығында Германияда аптап ыстықтан шамамен 5 120 адам қайтыс болғаны көрсетілген.

Наверх