ІМ қызметкерлері Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерге күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған.
Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған. Анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан.
Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда, сондай-ақ ер адамның басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, олардың әлеуметтік желідегі, онлайн ойындардағы және мессенджерлердегі байланысын бақылауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіруге шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда тыйым салынған препараттар пайдаланған бапкер ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Әлеуметтік желідегі әдепсіздік: Талдықорғандық TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді
«Жүктімін» деп алдамақ болды: Ақтауда жүргізуші әйел жазадан қашу үшін жалған анықтама жасатқан
Шымкентте пойыз терезесін сындырған бес жасөспірім анықталды