Талдықорғанда TikTok эфирінде әдепсіз сөздер айтқан тұрғын жауапқа тартылды.
Талдықорғанда полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында әдепсіз сөздер қолдану дерегін анықтады.
Тексеру барысында тікелей эфирге қатысқан 32 жастағы жергілікті тұрғын Айдана Мырзағали екені белгілі болды. Жиналған материалдар негізінде Талдықорған қаласының соты әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл салды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция әлеуметтік желі – көпшілікке қолжетімді ашық кеңістік екенін еске салады. Сөз бостандығы заң талаптарын бұзуға және қоғамға жат әрекеттер жасауға жол бермейді.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жарияланған контентті кәмелетке толмағандар да көретінін естен шығармауға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та «әзілдеген» екі блогер қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды