Өңірдегі 15 ЖОО-ны дамытуға қаржы бөлінеді

2 Ақпан 2021, 12:03
1774
Бөлісу:
Өңірдегі 15 ЖОО-ны дамытуға қаржы бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады.

Жоғары білім беру жүйесінде биылдан бастап «Аймақ тірегі» жобасы іске асырылу басталады. Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік  ЖОО-ларды іріктейміз. Осы университеттерді дамыту үшін нысаналы қаржы бөліп, жаңа лабораториялар мен білім бағдарламалары ашылып, білім беру сапасын көтеретін боламыз, - деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша барлық шара қабылданып, сапалы іске асырылатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Үкіметтің отырысында ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация есебінен өзгерту жоспарланатынын айтты жоспарланатынын айтты.

Сондай-ақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент тапсырған 200 мектептің құрылысы қалай жүргізілетінін де айтты.  

Одан бөлек, министр «Академиялық адалдықты» бұзғаны және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейін жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға дейін бекітуді дайындағандары туралы мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы