Енді жемқорлық жасаған ЖОО-лар лицензиясынан айырылуы мүмкін

2 Ақпан 2021, 11:51
2391
Бөлісу:
Енді жемқорлық жасаған ЖОО-лар лицензиясынан айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысы әрі қарай да жалғасатынын айтты.

Жоғары білім беруде кадрлар даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіп стандарттары мен атластың негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз, - деді ол. 

Жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптарын енгізеді. 

«Академиялық адалдықты» бұзғаны және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейін жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға дейін бекітуді дайындадық. Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімін енгізу нормалары бойынша өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын әрі қарай жалғастырамыз, - деп түсіндірді білім басшысы.
Министрдің сөзінше, колледждерге академиялық дербестік беріледі. 
Бұл шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерін қысқартып, білім сапасын арттырып, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасыз етеді, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы