Министр 200 мектептің қалай салынатынын айтты

2 Ақпан 2021, 11:46
2687
Бөлісу:
Министр 200 мектептің қалай салынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 200 мектептің қалай салынатынын баяндады.

Орта білімде оқу жүктемесін азайту мәселелері қаралады. Оқу бағдарламалары жаңартылады. Президент тапсырмасына сәйкес математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастадық, - деді БҒМ министрі.

Министр инфрақұрылымдық мәселелерге тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 200 мектеп 4 механизм бойынша салынады. Олар жекеменшік-мемлекеттік серіктестікті, модульдік мектептерді салу, жекеменшік мектептер желісін дамыту, және мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс. 10 ақпанға дейін әкімдіктермен бірлесіп, мектеп құрылысы бойынша жол картасы бекітіледі, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов онлайн отырыста.

Аймағамбетов әкімдіктерден осы мәселені жеке қарастырып, тиісті өңірлік жоспарларын әзірлеп, бір апта ішінде министрлікке ұсынуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы