Өңірде су басу қаупі бар жолдар жоқ – Павлодар облысының әкімі

8 Сәуір 2024, 14:22
228
Бөлісу:
Өңірде су басу қаупі бар жолдар жоқ – Павлодар облысының әкімі
Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan

ОКҚ-да Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде жағдай тұрақталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 7 сәуір күні республикалық маңызы бар Атамекен-Ертіс-Русская Поляна автожолындағы 258-інші шақырымдағы су шайған жол өткелін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Бүгінде облыс бойынша су басу қаупі бар жолдар жоқ. Су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатқан елді мекендерде 3 учаскі бақылауда. Олар: Ақтоғай, Тереңкөл, Шарбақты аудандарында бір ауылдан. 8 сәуір күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша облыста су басқан үйлер жоқ, - деп айтты өңір басшысы брифингте.

Ал облыс бойынша барлығы 38 үйді су басқан: Ақтоғай ауданында – 14, Успен – 5, Аққулы – 1, Ертіс – 15, Шарбақты – 3. Су тасқыны басталғаннан бері адамдар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Сондай-ақ су тасқыны басталғаннан бері ветеринария басқармасының аумақтық бөлімшелері, жергілікті басқару департаменті тұрғындармен бірлесіп, 398 бас малды қауіпсіз жерге тасымалдады.

Асайын Байханов жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын және барлық мәселе өзінің тұрақты жеке бақылауында екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы