Өндірістік жарақаттану деңгейі 2,5%-ға азайды

24 Қаңтар 2022, 09:35
1922
Бөлісу:
Өндірістік жарақаттану деңгейі 2,5%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1 465 қызметкер зардап шекті, олардың 200-і қаза тапты.

Бұл ретте 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 2,5% - ға азайды.

Осылайша, 2021 жылы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,22 (2020 жылы – 0,23) құрады.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (238 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (204 адам), Қостанай (122 адам), Павлодар (114 адам), Ақтөбе (107 адам) облыстары мен Алматы қаласындағы (107 адам) кәсіпорындарда сақталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында – 11,3 % (167 адам) байқалады.

Өзгелердің жаңалығы