Өндірістік кәсіпорында 185 адам қаза тапты – Біржан Нұрымбетов

29 Желтоқсан 2020, 10:11
1547
Бөлісу:
Өндірістік кәсіпорында 185 адам қаза тапты – Біржан Нұрымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында 11 айдың қорытындысы бойынша өндірістік кәсіпорындарда 1 300 адам жарақат алып, оның 185-і қайтыс болғанын айтты.

Өндірістік жарақаттарға қатысты айтар болсам, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласында қабылдап жатқан кешенді шаралары өндірістік жарақаттарды азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда жарақаттану саны 15 пайызға төмендеді. Бұл бағытта оң динамика сақталған. Сонымен қатар осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кәсіпорындарда 1300 адам жарақат алып, оның ішінде қаза тапқандар саны 185 адамды құрайды. Өндірістік жарақаттардың өсуі БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО және Түркістан облыстарында байқалды, - деді Біржан Нұрымбетов.
Мемлекеттік бақылауды күшейту аясында еңбек инспекторларының талабы бойынша 33 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды, 11 техниканың жұмысы тоқтатылды, 812 іс құқық қорғау органдарына жіберіліп, олар бойынша 97 қылмыстық іс қозғалған.
Өзгелердің жаңалығы