Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін мемлекеттерді жариялады

 pexels.com 1 Тамыз 2026, 07:14
1 Тамыз 2026, 07:14
163
Фото: pexels.com
Шотландияның Глазго қаласында World Boxing Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) болатын Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін ұйымдастыратын мемлекеттер бекітілді.

2027 жылғы құрлықтық іріктеу жарыстары:

Америка - АҚШ
Азия - Қытай
Еуропа - Еуропа ойындары (Стамбұл)
Мұхит аралдары өңірі - Самоа
Африка - Нигерия

Ал 2028 жылғы әлемдік екі іріктеу турнирі:
Италия
Венгрия

Турнирлердің нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Наверх