"Ол қабылданбайды". Премьер-министр "Самұрық-Қазынаға" жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды

20 Ақпан 2024, 10:33
820
Бөлісу:
"Ол қабылданбайды". Премьер-министр "Самұрық-Қазынаға" жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыруға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов баяндама жасап, жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту жұмыстары кешіктіріліп жатқанын айтқан болатын.

Премьер-министр "Самұрық-Қазынаның" жұмысын сынап, жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Себептерін де айттыңыз. Бірақ ол қабылданбайды. Барынша тездетіп, барлық жұмыс мерзімінде аяқталуы тиіс. Екінші мәселе – кәсіпкерлерден "Samruk-Kazyna Construction" жұмысына қатысты көп шағым түсіп жатыр. Құрылыс материалдарын, технологиялық жабдықтар мен жиһаздар сатып алу ісіне өзіміздің отандық өндірушілердің қатысуы бойынша шектеулер болып отыр. Мұндай ақпарат маған да келіп жатыр, - деді Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы