Оқушылар мектепке кітап апармайды, барлығы цифрлық форматқа көшіріледі - Бағдат Мусин

29 Қазан 2021, 14:02
250429
Бөлісу:
Оқушылар мектепке кітап апармайды, барлығы цифрлық форматқа көшіріледі - Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде елімізде бірқатар сала толық цифрландырылады.

Медицина мен білім беру жүйелерінде ауылдық жерлерімізде қызмет сапасы төмендеу. Бәрімізге белгілі ауылдық жерлердегі сапаны арттыру үшін білікті мұғалімдер мен мамандар қажет. Сонымен қатар оларды ол аймақтарға қалай апару керек. Мұндай проблема бар және оны ойластыру қажет. Сол себепті медициналық сұрақтарды шешу үшін біз диагностиканы цифрлық форматта жүргізуіміз керек, - дейді Бағдат Мусин.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда бірнеше өңірде пилоттық жобалар іске асырылып жатыр.

Мәселен, жасанды интеллект арқылы адамның өкпе ауруларын және басқа да іш құрылыс ауру түрлерін анықтау мақсатында пациент рентген аппаратына жіберіледі. Рентгеннен шыққан кесіндіні жасанды интеллект өзі сараптама жасап, өзі де сол адамға кеңес бере алады. Алдағы 5 жылдың ішінде осындай технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар министр алдағы жылдары оқушылар мектепке кітапсыз баратынын айтты. 

Мектептерге цифрлық технологияларды барынша енгізіп, оқушылар кітаптарды өзімен бірге тасып жүрмейтіндей етіп, барлығын цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр, - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Өзгелердің жаңалығы