Оқушылар "Жеңіс ағашы" акциясына қатысты

17 Мамыр 2020, 15:48
1895
Бөлісу:
Оқушылар "Жеңіс ағашы" акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 75 жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінен құралған желілік "NIS Teachers Volunteers" еріктілер клубы 80-нен астам түрлі көшет отырғызды. 

Қазақ халқында "Таулар алыстаған сайын биіктей береді" деген жақсы даналық сөзі бар. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы майдан даласындағы ерлік пен тылдағы төзімділік әлі күнге дейін санамызда сайрап тұр. Ол күндер ұмытылмақ емес. Биыл жеңістің 75 жылдығын еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әркім өзінше атап өтті. Осы ретте ойлана келе, өзіміздің еріктілер клубы арқылы барлық зияткерлік мектепке көшет отырғызу жайлы ұсыныс жасадық. Біз осы арқылы аға буын өкілдеріне алғыс айта отырып, өскелең ұрпаққа ұлтжандылық, кішіпейілділік қасиеттерді сіңіруді, қоршаған ортаға қамқор болуға үйреттік деп ойлаймын. "Жеңіс ағашы" аталған акциямызға қатысушыларымыз еліміздің әр өңірінен табылды, - дейді желілік "NIS Teachers Volunteers" еріктілер клубының жетекшісі Жазира Кұрманова.

Акция бірнеше күнге созылды. Осы уақыт аралығында оқушылар өз аулаларына каштан, долана, шырша, балқарағай, алма ағаштарынан бөлек көптеген көшет түрін отырғызған.

Өзгелердің жаңалығы