Нығматулин: Елбасының ядроға қарсы бастамалары қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастырады

29 Тамыз 2019, 15:43
1738
Бөлісу:
Нығматулин: Елбасының ядроға қарсы бастамалары қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды қысқарту бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Твиттердегі парақшасында жазды 

«Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы – беделді халықаралық сыйлықтың бірі. Ал Елбасының Нұр-Сұлтанда ядролық державалар басшыларымен ядролық қаруды қысқарту жөнінде келіссөздер үшін кездесу бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді» - деп жазды Мәжіліс төрағасы Твиттердегі парақшасында. 

Өзгелердің жаңалығы