Нығматулин: Бюджет елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған

20 Қазан 2021, 14:20
3971
Бөлісу:
Нығматулин: Бюджет елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын мақұлдау барысында бірінші кезекте, әдеттегідей, әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін, елді дамыту мақсаттарына жауап беретін, пандемиядан кейінгі қалпына келтірудің күрделі жағдайларын ескеретін етіп жасалған. Бұл ретте депутаттардың да, Үкіметтің де міндетібөлінген қаражаттың мақсатты, ашық әрі тиімді игерілуі.

Заң жобаларын талқылау барысында депутаттар жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Атап айтқанда, депутаттар үшжылдық бюджет жобасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға 79,8 млрд. теңге қарастырылғанын, осы қаражат есебінен мүгедек адамдар техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілетініне тоқталды. Олар протездер, арбалар, санаторий-курорттық ем алу. Сондай-ақ 84 мың техникалық компенсаторлық құрал, 9,6 мың есту аппараты, 16 мың тифлотехникалық құрал және басқалары сатып алынатын болады. 

Депутаттардың пікірінше, 2020 жылдан бері аталған тауарларды сатып алу «Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы» деп аталатын министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде адамдар көптеген проблемаларға тап болды. Айталық олар тауарлардың сапасын анықтап, тәуекелдер үшін өздері жауап беру керек.Егер ақаулар табылған жағдайда, қайтару мәселесін де өз есебінен шешулері керек. Осыған байланысты тиісті министрлік басшысына сапалы жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.                                       

Бұл проблема бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Бұл туралы депутаттар Сіздің атыңызға депутаттық сауал да жолдады. Сіз шешуге уәде бердіңіз. Бірақ, жарты жыл өтті. Әлі ешқандай өзгерістер жоқ. Қандай жұмыс жасалды? Бүгін міне, тағы да бөлінетін қаражатты көбейтуді сұрап отырсыз. Ал, оның нәтижесі қандай болады? Әрине осындай кісілерге көмектесуіміз қажет.Сол үшін әр бюджетті қараған кезде ең көп қаржы сіздерге бөлінеді. Оған сәйкес, нәтиже де жоғары деңгейде болу керек, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, бюджеттік заң жобаны талқылау барысында мемлекеттің тұрақты дамуына экономикалық және әлеуметтік ахуалға қатысты сұрақтар жан-жақты қаралды. Нәтижесінде 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдау жөніндегі каулы қабылданды. 

Біз Парламенттің де,  Үкіметтің де алдында тұрған  ең жауапты міндеттің бірі - үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Осы үш жылдық бюджетте бірінші кезекте, әдеттегідей, әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Шын мәнінде, бюджеттің жартысы осы  салаға  арналды деуге болады. Сонымен бірге, еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, бизнесті дамыту, ауылды өркендету  басқа да салаларға тиісті   қаражаттар  қаралды. Осының нәтижесінде біз еліміздің және халқымыздың әлеуметтік экономикалық бағытын одан әрі нығайтуға тағы  бір  нақты  қадам  жасадық. Ендігі басты міндет – осы қаражаттарды жоспарға сәйкес, өз уақытында,  тиімді  пайдалану. Осы жолда Үкімет депутаттық корпуспен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс атқарады  деп сенеміз, - деді Мәжіліс Төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы