Нығматулин: Заң жобалары елімізді дамытуға бағытталған

7 Ақпан 2020, 15:53
1006
Бөлісу:
Нығматулин: Заң жобалары елімізді дамытуға бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Онда депутаттар назарына бірқатар ратификациялық құжаттар ұсынылмақ. Олардың ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және оның Жарғыларына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамаларға қатысты бірқатар заң жобалар бар. Сондай-ақ, аталған ұйымның құқықтық мәртебесіне қатысты Заң жобасы да алдағы сәрсенбіде Палата қарауына енгізілетін болады.

Бұл құжатта ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасарлары лауазымдарын атқаратын өкілдердің әлеуметтік қорғалуын арттыру көзделген. Алдағы жалпы отырыста мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.

Бюро отырысында "Заң көмегін көрсетудің заңнамалық негіздерін жетілдіру" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу мәселесіне де баса назар аударылды. Отырыс соңында Палата төрағасы Мәжілісте қаралып жатқан маңызды заң жобаларына ерекше көңіл бөлді. Атап айтар болсақ, өткен аптада ауқымды құжат Экологиялық Кодекстің таныстырылым өтті. Қазірде Палата депутаттары аталған заң жобасы бойынша жан-жақты жұмысқа кірісті.

Сондай-ақ, Атом энергиясын пайдалану, тұтынушылар құқын қорғау, бизнес климатты жақсарту, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне қатысты басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар қолға алынуда. Осы Заң жобаларының барлығы тікелей еліміздің әлеуметтік салалары мен экономикасын дамытуға бағытталғанын және оларды қабылдап жүзеге асыру қоғам өміріне оң ықпал етеді.
Аталған заң жобаларымен жұмыс әдеттегідей, үкіметтік емес ұйымдардың, парламенттік емес партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық бірлестік мүшелерінің қатысуымен ашық жүргізілу керек, - деді Нұрлан Нығматулин.



Өзгелердің жаңалығы