Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

11 Маусым 2022, 14:24
2328
Бөлісу:
Нұрлан  Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

1965 жылы 4 мамырда Қазақстан облысы; Семей қаласында дүниеге келген.

1982-1987 жж  Қазақ политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

1998-2001 жж  Қазақ қаржы-экономикалық институтын "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жж Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін  "Инженер-құрылысшы"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987-1990 жж "Казпромтехмонтаж" тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің Слесарь-монтаждаушысы, шебері, прорабы;

1990-1995 жж "Зергер" өнеркәсіптік-қаржы корпорациясының директоры, Бас директоры, Президенті ;

1995 ж "Аққұс" АҚ Президенті;

1995-1997 жж "Сары-Арқа" АҚ сенімді басқарушысы;

1997-2001 жж "Сұңқар" ЖШС президенті;

 2001-2003 жж "Казиркутсклес" ақ бірлескен кәсіпорнының бас директоры;

2003-12. 2003 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы;

01.2004-02.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы;

02.2005-09.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті күрделі құрылыс басқармасының бастығы;

10.2005-01.2006 жж Күрделі құрылыс басқармасының бастығы - Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары;

 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

03.2007-02.2008 жж Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары;

05.01.2008-2009 жж Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2009 ж Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ();

2005.2009-06.2010 жж"Ертіс "ӘКК "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

06.2010-02.2013 жж Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

2014-2015 жж Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары;

03.2015-09.2017 жж  "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры;

09.2017-2018 жж  Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

05.2019  ж бастап Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Үйленген, 3 баланың әкесі. 

Өзгелердің жаңалығы