Нұрлан Нығматулин мен оның інісі тергеліп жатыр

15 Тамыз 2022, 14:26
3481
Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин мен оның інісі тергеліп жатыр
Фото: Хабар24

Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Нығматулин тергелу үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антикор  қылмыстық іс туралы ақпаратты растады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтың өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтты.  Ведомствода арызданушының дәлелдері тергеу барысында тексерілетінін хабарлады. Антикорда тергеудің  құпия жүретінін  алға тартып, толығырақ ақпарат беруден бас тартты.

Сонымен қатар, қазақстандық БАҚ ағайынды Нығматулиндер рейдерлік туралы қылмыстық іс бойынша айыпталушылар болғанын, олардың бірі — Нұрлан — бұрын Парламент Мәжілісінің төрағасы болғанын және ұзақ саяси мансабында әртүрлі жоғары лауазымдарды атқарғанын хабарлайды. Ерлан Нығматулин бизнесмен ретінде де танымал. Ол қазақстандық журнал Forbes.kz  тізіміне елдегі ең ықпалды 50 кәсіпкер ретінде кірген еді. 

Өзгелердің жаңалығы