Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

25 Наурыз 2019, 12:56
4287
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда "ақ түйенің қарны жарылған күн". Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Мерекелік думанды Күзет полициясының бастығы полиция полковнигі Батырбек Бахритденұлы ашты.

Шараға жиналған қауымға белгілі күйші Сағдат Алтыбаев пен Мұхит Салыбеков өнерлерін паш етті.

Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша арқан тартыстан 1-орынды 2-полиция батальоны, 2-орынды 3-полиция батальоны, 3-орынды 1-полиция батальоны жеңіп алды. 

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Қол күресінен 1-орынды Есенбаев Серік, 2-орынды Инаятов Бауыржан, 3-орынды Оразалин Сұнғат мінсе тұтса, асық атудан 1-орынды Ажатай Жомарт, 2-орынды Әбенов Рауан, 3-орынды Жапарбеков Олжас алды.

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Қой көтеруден 1-орынды Құсайынұлы Аслан, 2-орынды Қонқасов Ерік бағындырса, 3-орын Есенбаев Серікке бұйырды.

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Кір тасын көтеруден 1-орын Құсайынұлы Аслан, 2-орын Инаятов Бауыржан, 3-орынды Егешов Алдияр иеленді. Жалпы командалық есепте 1-орынды 2-полиция батальоны, 2-орынды 3-полиция батальоны, 3-орынды 3-полиция батальоны жеңіп алды.

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Сондай-ақ, ұлттық киімде көзге ерекше түскен аруларға арнайы грамота табысталды. Атап айтсақ, «Бұрымды қыз» номинациясы Жайлаубекова Балжанға, «Инабатты қыз» аталымы Тәңірберген Құлпынайға, «Қылықты қыз» аталымы Ешманова Ботагөзге, «Көктем аруы» аталымы Абжанова Әлияға бұйырды.

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Оралбек Тәубақабылұлы наурыз думанға қатысып, спорттық ойындарға белсене атсалысқан қызметкерлерге алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті

Наурызға арналған шара дастархан басында жалғасты. Барлық қызметкерлер Наурыз көже, сірне, палау сынды тағамнан дәм татып, бір-бірлеріне ақжарма тілектерін айтты.

Өзгелердің жаңалығы