Нұр-Сұлтандағы сауда орталығы мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейді?

26 Желтоқсан 2020, 16:24
1688
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы сауда орталығы мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева кинотеатрлардың жұмыс кестесінің қандай болатынын айтты.

Ол онлайн-кездесуде алдағы жексенбі 27 желтоқсан мен 2021 жылғы 3 қаңтар мереке күндеріне жатпайтынын, сәйкесінше осы күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің және сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын түсіндірді.

Елорданың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, аталған нысандардың қызметіне жұмыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілген.

Ал кинотеатрлардың жұмысына қатысты келер болсақ, 24:00-ге дейін рұқсат етілген. Бірақ СОСО-да орналасқан кинотеатрларға жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.

Өзгелердің жаңалығы