Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

9 Наурыз 2020, 16:33
2361
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жатақхана өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

"101" пультіне "Көктал-2" ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты деген хабарлама 9 наурыз күні сағат таңғы 6.00 шамасында келіп түсті. 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өртсөндіру жасақтары келіп жеткенде жатақхана ретінде жалға берілетін екіқабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқаны белгілі болды. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Жатақхана тұрғындары өрт сөндіру қызметі келгенше өз бетімен эвакуацияланып, автобус паркінен келген автобустарға орналасты. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 Өрт сөндіру жұмыстарына 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 43 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 9.05-те ауыздықталды. 

Оқиға орнында өрт сөндіру сынамалық зертханасы жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиғаның себептері анықталуда.  



Өзгелердің жаңалығы