Нұр-Сұлтанда крематорий салынуы мүмкін

11 Тамыз 2020, 19:08
1402
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда крематорий салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда крематорий салу жоспарланды. Бұл туралы бюджеттік бағдарлама жобасында көрсетілген.

Елордада биыл крематорий салынып, пайдалануға берілуі мүмкін. Жоба мақсаты - дәстүрлі жерлеуге қарастырылған мазар аумағын азайту.

Оның құрылысына 1 млрд 519 млн 285 мың теңге бөлінді.

Жоба туралы ақпарат 5 тамызда жарияланды. 19 тамызда қоғамдық талқылау аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы