Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты

29 Желтоқсан 2021, 18:14
1391
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада  «TOYOTA YARIS» маркалы автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «IVECO CROSSWAY» маркалы маршруттық автобусымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «TOYOTA YARIS» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады  Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолда мүмкіндігінше мұқият болу керек.

Өзгелердің жаңалығы