Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кейінге қалдырылып жатыр

23 Наурыз 2021, 17:00
1387
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кейінге қалдырылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бір рейсті кейінге қалдырды, ал екеуін Алматының қосымша аэродромына ауыстырды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан – Жезқазған рейсі кейінге қалдырылды. Дауылды ескерту сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жасалды, оған қоса жел 17 м/с дейін күшейетіні айтылды, - дейді әуежайдың баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов.

Сонымен қатар ол екі рейс Алматының қосымша аэродромына жіберілгенін жеткізді.

Ол Шымкент - Нұр-Сұлтан және Қостанай - Нұр-Сұлтан рейстері. Жолаушылардан қосымша ақпаратты әуекомпанияның call-орталығынан және әуежайдың анықтама бөлімінен біліп отыруды сұраймыз. Сондай-ақ бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз, оның барлығы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан шара, - дейді баспасөз хатшысы.
Өзгелердің жаңалығы