Жалпы жаңалықтар
-
-
Атыраудан сармат жауынгерінің сүйегі табылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде темір сауытты жауынгердің мүрдесі табылды. Бұл сарматтар тайпасының батыры болуы мүмкін дейді ғалымдар. Сүйек бүлінбестен, сауыт-сайманы сол күйі сақталған. Мүрде жанында жауынгердің 1 метр семсері мен ат әбзелдері бірге жерленген. Сонымен қатар денесінде алтын, күмістен жасалған бұйымдар да бар.
08.10.2020
-
Пандемия балық шаруашылығына қалай әсер етті?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы кезінде балық шаруашылығымен айналысатындар неден қиналды? Жалпы елімізде балық шаруашылығы қалай дамып жатыр? Бұл салада кадрларды дайындау жұмысы қалай жүруде? Балық өсіруде Қазақстанның әлеуеті қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Есік форель шаруашылығының директоры Марлен Тұрсынәлі жауап берді.
08.10.2020
-
Мамин Ресейдің ірі компанияларымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
08.10.2020
-
Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60%-ы тасымалданған.
08.10.2020
-
«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі кинологиялық қызметтің мамандары Рио есімді «төрт аяқты» полицейді құрметті демалысқа шығарып салды.
08.10.2020
-
Президент: Отанды қорғау – мәртебелі миссия әрі жоғары жауапкершілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзі жарияланды.
08.10.2020
-
Санат Хасенов: Ұлттық парк аумағында қасақана өрт қоятындар азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2011 жылдың 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен Орталық Қазақстанның бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.
08.10.2020
-
Тоқаев: Армиямыздың әскери рухы мен даңқы одан әрі арта түсетініне сенімдімін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
08.10.2020
-
Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды.
08.10.2020
-
Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады, деп жазды «Хабар 24».
08.10.2020
-
Елордада психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінге дейін қаладағы мұндай бастапқы орталықтар 7 мыңнан астам тұрғынға мамандандырылған көмек көрсеткен.
08.10.2020
-
Скринингтік тексерулер нәтиже беруде – онколог дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде халықтың денсаулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі саналатын cкринингтік тексерулер ауруды ерте анықтаудың басты құралы болып отыр.
08.10.2020
-
Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркістан» ӘКК» АҚ мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп Түркістан қаласында пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында журналистер агроөнеркәсіптік, туризм, құрылыс салаларына қатысты бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
08.10.2020
-
«Рухани қазына – 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық музейде «Рухани қазына – 2020» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мәдени шарада министр Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөз сөйледі.
07.10.2020
-
Тараз қаласында оңалту орталығы ашылды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысында мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды. Тараз қаласында орналасқан үш қабатты нысанды қайта жаңғыртуға 170 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалған.
07.10.2020
-
Қарағанды орталығында Абайға көше берілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыс орталығындағы көшелердің біріне оның есімі берілді. Бұрынғы Ленин көшесі енді қазақтың ұлы ойшылының атымен аталады. Бұған дейін облыс орталығында Абайдың атымен аталатын көше болмаған еді.
07.10.2020
-
Алматыда соғысқа қатысушылар аллеясы ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған мемориал тақта мен аллея ашылды.
07.10.2020
-
Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды.
07.10.2020
-
Зорлық көрген әйелдерге сенім ұялату басты мақсатымыз – Малика Жүсіпова
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылы аймақта пилоттық жоба ретінде «Көмек» оңалту орталығы өз жұмысын бастайды. Мұнда көбіне қиын халде жүрген әйелдер келіп паналайды. Оларға заң және психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, осы тектес Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында да дағдарыс орталықтары жұмыс істеп тұр.
06.10.2020
-
Елордада алғаш рет балабақшалардың фотокөрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Мұғалімдер күніне орай Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының қатысуымен «Балабақша – болашаққа бастар жол» атты фотокөрмесі ашылды.
06.10.2020
Наверх